Балаларға арналған қазақтың халық ойындарының Қытайдағы тарихи даму барысы
Қазақ балаларының байырғы ойындары арғы тегінен алғанда ол, қазақ балалар фольклоры болып халық фольклорының арналы салаларының бірі болмақ. Арыдан тектер болсақ, бұл ойын түрі ықылым заманнан тартып халықтың дəстүрлі бала тəрбиесінің негізінде туып қалыптасқан. Ауқымы кең, мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын ғасырлар бойына халық даналығына, тəжірибесіне құралған қазақ балаларының байырғы ойындары балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын шығарма болумен тең балалардың қуат көзін ашатын асыл мұра [1].
Негізгі тақырып болып отырған бала — əке-шешенің перезенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз; жас шамасына қарай: нəресте, сəби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сəтінен бастап кəмелетке толғанға дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды. Демек, бұл жағынан айтар болсақ, жер бетіндегі балажан халықтың бірі, бір болғанда бірегейі — біздің қазақ. Бала десе, ішкен асын жерге қоятын халықпыз «баласын бауыр ет, қолқа жүрегі» деп білумен бірге, өз үміті мен арманын ұрпағына жүктеп, ата тағылымын ардақтап, өз дəуірінің өмір қорытындысын жасап, соңғы ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай санаусыз дана тұжырымдар қалдырған.
Ал енді ойын дегеніміз — баланың ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нəрсе. Ойынды көп ойнаған, халық фольклорынан мол сусындаған бала сол халықтың тынысымен дем алатыны жəне сол ойындар арқылы өз халқының салт-дəстүріне, туған жерінің географиялық жағдайына, яғни табиғат ерекшеліктеріне, мəн беріп қанық болып өсері сөзсіз. Бұдан да анығырақ айтар болсақ, баланың бірінші əрекеті — ойын, сондықтан да ойынның мəн-мағынасы ерекше, ойын — адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай: «Ойын ойнап, əн салмай, өсер бала бола ма?» — дегеніндей, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. «Баланың өмірді танып, еңбек көзқарасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мəселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар сияқты əр сала қайраткерлері шұғылданады. Көптеген жазушы, ақындар бала ойынының психологиялық мəнін жəне ойынға тəн ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы ашып береді» [2].
Адам іс-əрекетінің ерекше түрінің бірі — ойынның пайда болуы туралы тоқталған зерттеу- шілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын көркемдік іс-əрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сəулесі қылаң береді. Өмірдің əр түрлі құбылыстары мен үлкендердің əр түрлі іс-əрекеттеріне еліктеу ойынға тəн нəрсе. Ойынға шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-əрекет бала үшін қызықты, ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру жəне эстетикалық тəрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық əрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім əлеміне сүңгиді. Педагогикада бала ойынына ерекше мəн беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен əсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуаныш пен ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады [3; 12].
Демек, қазақ балаларына арналған байырғы ойындар бала табиғатына лайықтылығымен, логикалығымен, жүйелілігімен, музыкалы əуенімен, негізгі мазмұнымен, ойнақы жеңіл түрімен, нəрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тəрбиенің қайнары болып табылады. Балалар өсе келе өздерін қоршаған ортаны — табиғат дүниесіндегі заттар мен құбылыстарды, қоғамды ойын барысын- да таниды, ойын арқылы бейнелеп отырады. Мұндай қимылды М.Горький: «Ойын — балалардың дүниетану жолы» — десе, Лашын: «Ойын — балалардың ең үйлесімді қимылы,» — деп көрсеткен. Балалар ойын арқылы сезімін, əуесін, бейімділігін, қызығуын, талабын, талғамын, тағы басқасын толқытырып арттырып отырады», — деп жазады.
Қазақ балалар байырғы ойындарының тарихи даму барысы тереңде жатыр. Қазақтың балалар жəне спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда, бізге жеткен ұлт балалар ойындарының біразы сону көне заманнан бастау алғандығы анық. Демек, қазақ даласында қалыптасқан алғашқы құрылыс халқымыздың ұлттық ойындарын да туғызған. «Бес тас», «асық», «садақ ату» сияқты ұлт ойындары шамамен қазақтың ру-тайпалық одақтық дəуіріне тура келетіндігі жайлы айтыла кеп, оны қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тəрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мəселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйспеншлігіне бөленген ер азаматтардың ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық, тездік, сергек шеберліктерін көрсеткендіктері айтылады. Балалардың тай, құнан, бəйгеге шауып, аттың құлағында ойнау, «асық ойнау», «жұмбақ айтыс», «аударыспақ», «күлкі ойны»,«ақ сүйек» т.б. сияқты өте ерте заманда пайда болған ойын түрі көп. Бұлардың шығу тегі халқымыздың көшпенді дəстүрлі шаруашылық харекеттерінен бастау алады. Сондықтанда ертеректердегі ойындарымыздың көбі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жəугершілікке негізделген.
Ұлттық дəстүрлі балалар ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны жəне болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі зерттеушілерде көп ізденістер жасады [4; 12]. Осы негіздерде зерттелген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық (заттың, құбылыстың, оқиғаның пайда болудағы уақыт ретімен келетін кезегі) шектілігіне қарай, бірнеше топқа болып қарастырамыз.
Бірінші, аңға байланысты ойындар: мысалы, «Ақсерек, көксерек» ойны, мұндағы «серек» сөзі аң-құсқа қаратылып сергек, сақ, секемшіл, иысшыл сияқты мағыналарда келеді. Бұл ойынға қатынаушылар аттасу, ат жасыру арқылы екі топқа бөлінеді. Ашық алаңда ұл-қыз аралас ойнай береді. Аралығы 50–60 м қашықтыққа екі топ қарама-қарсы қарап тұрады. Екі жақ «қолға түсетіндер» үшін арнайы шеңбер сызып қояды. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын жақтың басшысы:
- Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек? — деп сұрайды. Ал, қарсы жақ:
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Шауып алдым бəйтерек.
Сонау тұрған Айнабектің өзі керек, —
деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын атайды [5; 19]. Сонымен, аты аталған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарын созып, алақандарын жайып тұруға тиіс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі ұратын адам таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды, егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанын ұрмаса, ол ойыншының өзі «қолға түседі». Ойыншы өзін қуып жете алмайды-ау деген біреуді ұра сап, қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса, қуған ойыншы «қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойыншы «ұсталады». Сөйтіп, қай жақ көп «қолға түссе», сол жақ жеңіледі.
Екінші, малға байланысты ойындар: мысалы, «Соқыр теке» ойыны. Бұл ойында:
Бұзау, Бота, Құлыншақ, Тоқты, Серке, Тай, Торпақ, Тана, Тайлақ, Құнан, Дөнен, Бесті бар,
Малдың жасын айыра біл, естіп ал. Бұқа, Бура, Айғыр,
Сүзегенсің, тентек Теке, жеке қал. Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ». Соқыр Теке қайдан бізді таппақ [5; 21].
Ойын тəртібі: ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын бастаушы қатар тұрғандардың қайсысын, жоғарыда көрсетілгендей, мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «тентек Теке» болды. Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Егер далада ойналса, шеңбер сызылып, ойынға қатынасушылар осы шеңберден шықпауы керек. Ойынды жүргізуші «тентек Текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда «тентек Теке» былай дейді:.
Əй, қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе, сөзім жоқ.
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріңдер!
Мұнан кейін «соқыр Текені» айнала қоршағандар:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оң көзіңе топырақ.
Ал, ұстап көр, батырым,
деген өлеңдерді бəрі бірге қосылып айтады.
Өлең айтылып болысымен, «Соқыр теке» шеңбер ішіндегілерді ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойыншылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. «Соқыр теке» ұстаған бала оның орнына тұрады. Ойын қайта басталады.
Үшінші, түрлі заттармен ойналатын ойындар: мысалы: «Ақсүйек» ойны, бұл ойын — қазақ балаларының ежелгі ұлттық ойны. Айлы түнде ойнайды. Ойын бастаушы əуелі бір қу сүйекті (жылқының бақай сүйегі, ол болмаса қойдың жілігін) тауып келеді де. Оны ойынға қатынасушыларға көрсетіп, белгілеп алады (бақай сүйек пен жілік болмағанда, екі басын жұмырлап жонған екі тұтам келетін қолға толымды ағаштан жасап алуға да болады). Бұдан соң ойыншылар екі топқа бөлінеді. Екі топтың бірінің ойын бастаушысы ақсүйекті аулағырақ апарып, лақтырып келеді. Ойыншылар жапа-тармағай жүгіріп, ақсүйекті іздей жөнеледі. Оны қай топтың адамы тауып, белгіленген орынға бұрын алып келсе, сол топ жеңген болады. Жеңген топ сүйекті қайта лақтырады, ойын үстінде сүйекті бір-бірінен тартып əкетуіне болады. Сондықтан сүйекті тапқан адам басқаларға жеткізбей кетуге тырысады (сүйекті тауып алған адам алдымен «мен тауып алдым» деп қашады). Егер қарсы топтың ойыншылары қуып жетіп алса, ол сүйекті өз тобындағылардың біреуіне беріп жібереді. Ақсүйекті жүгіріп жүріп ойнайтын болғандықтан, ол денені шынықтырады. Баланы жүгіруге жаттықтырады. Шапшаңдыққа, батылдыққа тəрбиелейді. Көзді жаттықтырып, қараңғыда жол табуға, төңіректі дұрыс бағдарлай білуге үйретеді. Бұл ойын жасөспірімдер денесінің дұрыс қалыптасып, сымбатты болып өсуіне де пайдалы.
Ақсүйекті ойнауда көңіл бөлетін істер. Негізгі көмбеден 20–30 м алыстықта қосымша көмбе болуға тиіс. Ақсүйек лақтырушы сол көмбеден лақтыруы керек. Ойынға қатынасушылар лақтырушы «болды» демесінен бұрын іздеуге болмайды жəне сүйекті тауып алып, негізгі көмбеге келгенде майданда жасырынып жатып қалуға болмайды. Ақсүйекті тауып алған адамды ұстап алып додаға түскенде, киімнің жыртылуынан сақтану керек. Əсіресе ақсүйекті аламын деп саусақтарды қайыруға, қолды бұрауға болмайды. Ойын көңілді де тəртіпті өтуі қажет.
Төртінші, зеректілікті, ептілікті жəне икемділікті қажет ететін ойындар: мысалы, «Жасырынбақ» ойыны, бұл ойын: көбінше кештерде ойналады, бір топ бала жеребе тастап, ішінен ізденушіні шығарады да, ол көмбеде көзін жұмып тұрғанда, қалғандары бөлек-бөлек жасырынады, олар жасырынып болды-ау дегенде көмбедегі бала көзін ашып, іздеуге кіріседі. Іздеуші жасырынған баланы көрсімен, атын айтып, көмбеге бұрын жетсе, тапқан болып есептеледі. Ал кешіксе, есепке алынбайды, жасырынған балаларды түгел осылай іздеп табу керек. Алғаш табылған бала келесі жолы іздеуші болады да ойын созыла береді. Бір баланы тапқан соң екінші бала іздеушіден бұрын көмбеге жетсе, өзін де, оның алдында табылған баланы да іздеу міндетінен босатады. Бұлай болмаған жағдайда келесі жолы алғашқы табылған бала іздейді. Ал жасырынған барлық бала таптырмаса, іздеуші қайта тұрып, ойын қайта басталады.
Бесінші, соңғы кезде қалыптасқан ойындар: мысалы, «Құлақ пен мұрын табу» ойны. Бұл ойын: құлақ пен мұрын табу күлдіргі жаңылтпаш ойындардың бірі болып, ойынға қатынасушы балалар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы отырады да бір жағы бір шетінен бастап ойынды бастайды. Бірінші рет шапалағын ұрып, екі айқастырып, оң қолымен сол құлағын, сол қолымен мұрнын ұстайды да қайта шапалағын ұрып, оң қолымен мұрнын, сол қолымен оң құлағын ұстап, осылайша тез екі қолды қайшылап, құлақ пен мұрынды жаңылмай тауып ұстау керек. Егер жаңылып қалса, ұтылған болып, өзі бір өнер көрсетеді де кезекті қарсы жаққа өткізеді. Жаңылмаса кезекті өзінің серігіне береді. Қарама-қарсы екі жақ ойынды жалғасты ойнап, ең соңында қайсы жақтан жаңылушы көп болса, сол жағы ұтылған болып коллектив өнер көрсетеді, болмаса, ұтылған жақтың жаңылушыларын ұтқан жақ өткізіп алады да ойынды қайта бастап қалғандармен ойнайды.
Біз жоғарыда сонау ертеден тартып қазірге дейінгі ұлтымыз ұрпақтары арасында сақталып келген ойын түрлерінен бірден мысал келтірдік. Бұдан біз ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де əсер ететіндігі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғынысады əрі бірінен- бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын, өсіп-жетілуін арттырады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату əдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше көңіл бөлген.
Қазақ халқының балалар ойынының тəрбиедегі маңызы мен ролі өте зор. Біз болашақ ұрпақтарымызға тілімізді, жазуымызды тереңдей үйретумен тең, салт-санамызды, ұлттық дəстүрлерімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына жағдай жасаумыз қажет. Демек, ұрпақтарымыздың ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы олардың санасына тереңдей сыңдыру арқылы ғана байыды. «Мұндағы салт-санаға қатысты ұлттық мұраларымыздың негізгі бай қазыналарының бірі — халқымыздың ұлттық ойындары болып ұлт негізінен ұрпақ тəрбиесіне арналған көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойын үшін жасалған сала ғана емес, мəні жағынан да жеткіншек сəби тəрбиеленушілердің рухани өресінің кеңіп өсіп-жетілуіне, эстетикалық мəдениет қалыптастыруына тəрбиелейтін негізгі құралдардың бір болмақ» [6]. Қазіргі ұлтымыз арасында жалпыласып жүрген балалар ойынның ұрпақ тəрбиесінде атқаратын негізгі ролі екеу: біріншіден, жаттықтырулар жасап, балалар ойындарын ойнаған кезде дене қуаты жетіліп өсу барысы жақсарса, екіншіден, балалар ойындарының мазмұндарын, ойнау тəртіптерін түсіндірген кезде ұлттық əдет- ғұрыптарымыздан, халқымыздың өткен өмірінен шертілген шежірелерден хабардар болады. Сондықтанда халқымыз, ойынымыз, ертегіміз, музыкасыз, қиялсыз толық мəніндегі ақыл-ой тəрбиесіне ие ұрпақ болмайды деп қорытады. Бұдан шығар қорытынды, баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, күйініші мен сүйінішінің əсері ұшқындайды.
Сондықтан шындықтағыдай «сүйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінен, бұған орай ойын туралы жасалатын тұжырым төмендегідей, ойын
- тəрбие құралы арқылы ақыл-ойды кеңейтеді;
- тілді ұстартады, сөздік қорды байытады;
- өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, ерік жəне мінез қасиеттерін бекітеді;
- адамгершілік сапаны жетілдіреді, қайсарлық сезім əрекеттерді өсіреді;
- эстетикалық тəрбие беру құралдық рол ойнайды;
- еңбек тəрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;
- дене күшінің жетілуіне көмегін тигізеді.
Дəл осы мақсатта біз сонау замандардан желіден желіге, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан балалар ойындары сынды мұрамызды тек балаларды алдандыру, ойнату əдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалай білуіміз керек.
Мысалы, балалардың жарық ай астында жақсы көріп жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойнын алар болсақ, бұл ойын балаларды байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ептілікке, шапшаңдыққа баулитындығы хақ. Халықтық мұраларымыздың маңызды бір бөлігі болып табылатын бала ойындары — өздері пайда болған əлеуметтік-мəдени ортаның айнасы. Бала ойындарындағы тіл, сенім, əдет- ғұрыптар мен түрлі құндылықтар, ұстаным сияқты факторлар ойындарға ұлттық ерекшелік береді. Мысалы, балдырғандарға сан үйрететін, ақыл-ойын дамытатын «Он бір қара жұмбақ» (санамақ) ойынның басты ерекшелігі — есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Ойын нақтылы былай келеді: